• 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • Қабылдау көрсеткіштері
  • Есептегіштерді пломбалау
  • Ай соңындағы қарыз
  • +7 (7165) 179 006 байланыс номері арқылы білуге болады.

Хабарландыру

Тарифті бекітуге арналған өтінімді қарастыру жөнінде жария тыңдау өткізу туралы хабарландыру

«ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті РММ (Көкшетау қаласы, М. Әуезов көшесі 230, тел. 50-43-63), тарифті бекітуге арналған өтінімді қарастыру жөнінде жария тыңдау өткізу туралы хабарлайды.

Субъектінің атауы

Реттелетін қызметінің түрі

Уақыты, өткізілетін күні және мекен жайы

«Целиноград Су Арнасы» ШЖҚ МКК

Стационарлық құрылғылардан су беру

2020 жылғы 16 қазанда сағат 11-00-де келесі мекен-жай бойынша: Ақмола облысы, Ақмол ауылы, мкр№1, «Целиноград Су Арнасы» ШЖҚ МКК ғимараты.

Анықтама үшін: Департамент - (87162) 50-43-63; «Целиноград Су Арнасы» ШЖҚ МКК 8 (71651) 79-0-14

Жария тыңдауға санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, облыста карантин шараларын ескере отырып, шектеулі адам саны қатыса алады, атап айтқанда маскалық режимін, 1,5 метр қашықтықты сақтау, антисептиктерді қолдану және т.б. санитарлық нормалары ескерілуі қажет.

Сонымен қатар, «COVID-19» коронавирустық індетін таратпау және азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында, Ақмол ауылының тұрғындары мен өзге де мүдделі тұлғалар онлайн режимінде Facebook әлеуметтік желісіндегі Департамент басшылығының ресми парақшасында (https://www.facebook.com/profile.php?id=100001024727457, https://www.facebook.com/azamat.sabyrzhan), «ZOOM» (идентификатор 2337678958, пароль 123456789) қосымшасы арқылы жария тыңдауға қатыса алады.

Жария тыңдауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша немесе «FACEBOOK» қосымшасында басшы Нурлан Джалгасбаев және басшының орынбасары Азамат Сабыржанның атын енгізіп, іздестіруге болады.

Әрбір тілек білдіруші онлайн режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8(7162) 50-43-17, 50-43-63.

__________________________________________________________________________________

Жылу энергиясын беру бойынша табиғи монополиялар субъектісі «Целиноград коммуналдық қызметі» ШЖҚ МКК және Целиноград ауданының тарату желілерінен суды беру және Ақмол ауылының стационарлық құрылғыларынан тұрмыстық ағындыларды жинау, тазалау және төгу бойынша табиғи монополялар субъектісі «Целиноград Су Арнасы» ШЖҚ МКК тұтынушылар алдында коммуналдық кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы 2016 жылдың есебін беруді өткізетіні туралы хабарлайды.

Есеп беру 2017 жылғы 18 сәуірде сағат 16-00, Целиноград ауданының Ақмол ауылы, Мәдениет Үйі мекен-жайында өткізіледі.