• 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • Қабылдау көрсеткіштері
  • Есептегіштерді пломбалау
  • Ай соңындағы қарыз
  • +7 (7165) 179 006 байланыс номері арқылы білуге болады.

Кәріздер

Тазалау нысаны

Ақмол аулындағы кәріздерді тазалау нысандары: отандық өндірістік ғимараттардан, 3 су кұймалық көлемі 1000м3 болатын биологиялық тазалау қондырғысы, қосалқы  және  шығыс трансформаторлық кәріз сорғы станцияларынан тұрады.

Өндіріс – капиталы жағынан 2 сыныптық нысанға жатады, беріктігі бойынша – 2 дәрежеде, өрт қауіпсіздігі бойынша Д, Г санаты бойынша, отқа тұрақтылығы 2 дәрежеде.

Ғимаратта – үй жайлар, құмға арналған бөлім, аэрация компрессорлар, сорғылар мен құм сүзгілер, зертханалар, автотұрақтар және қоймалар бар. Сондай-ақ ғимаратта: электірлік қазандық, басқарма бөлмесі, демалыс бөлмесі бар. Ғимараттың жер асты бөлігі су құйма болып табылады. 40м3 сапасыз су, 50м3 таза су. Темір бетоннан жасалған екі су құйма бір-бірімен сабақтас және жалпы қалқаны бар.

Тазалау нысанының аумағында 3 дана сарқынды суды тазалайтын биологиялық қойма бар. Әр су құйманың көлемі 1000м3, қабырғалардың ішкі диаметрі 20100мм, ішкі су құймалардың диаметрі 11500мм. Су құйманың биіктігі 4500мм. Су құйманың қабырға және едені темір бетоннан жасалған.

 

Кәріздер желісі.

Көп қабатты, көп пәтерлі уйлерде тұратын сантехника тұтынушылары үшін сарқынды суды жинау, өңдеу разрядты түрде жүзеге асады және де 10, 15 шақырым құбырлар арқылы қабылдау камерасынан сорғы бекеті бар орталықта орналасқан Гагарин, Черемушки, Бақыт шағын ауданы, 1-3м шағын аудандарға диаметрі 200мм болатын құбырлармен жетеді, жалпы ұзындығы 16650м, өнеркәсіптер, әскери бөлімшелер, тұрмыстық ақаба суларды камералық сорғы бекеті арақылы орталық қазандыққа жинайды, әскери блок ауыл шетінде орналасқан.

 

Ағынды суларды тазалау әдістері.

 Тазалау нысандары бастапқы шөгінді бассейндерсіз жұмыс істейді. Механикалық тазалау процесі құмды сүзуден және бөліп тазалаудан тұрады. Органикалық қоспалар соңғы тазалау қадамында құм сүзгі арқылы жойылады. Азот биологиялық жолмен жойылады. Фосфор биологиялық әрекетте жойылады, сондай-ақ шламды пайдалану әрекетінде темір сульфаты химмиялық дозада флокуляция әдісіне параллель болып келеді.

Биологиялық тазалау әрекетінде анаэробты, анаксидті реакторлар болады және де аэрация тотығу аймағы байдарка арластырғышпен жабдықталған. Тотығу аймағы аэраторлы әуе көпіршіктерімен анаэробты аймағы байдарка араластырғышпен жабдықталған. Анаксидті ауданы қалақты араластырғышпен  және де аэраторлық әуе көпіршіктерімен жабдықталған, анаэробтық ауданы қалақты араластырғышпен жабдықталған. Биологиялық  тазалаудың қорытынды соңғы кезеңі – тұндыру.