• 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • Қабылдау көрсеткіштері
  • Есептегіштерді пломбалау
  • Ай соңындағы қарыз
  • +7 (7165) 179 006 байланыс номері арқылы білуге болады.

Тарихы

Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы «Целиноград Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2010 жылдың  11 қараша айында құрылған.

«Целиноград Су Арнасы »  ШЖҚ МКК ның мемлекеттік басқару органы «Тұрғын үй шаруашылық коммуналдық инспекция» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

«Целиноград Су Арнасы» ШЖҚ МКК-ң негізгі қызметі Целиноград ауданын таратушы желілер арқылы сумен қамту, ағынды суды стационарлық құрылғылар арқылы жүргізу болып табылады.

Ақмола облысының табиғи манаполияларды басқару агенттігінің  2011 жылдың 25 наурыз айындағы № 60-ОД бұйрығы бойынша «Целиноград Су Арнасы» ШЖҚ МКК реттелген қызмет түріне тіркеледі: суды стационарлы құрылғылармен жиберу және қалдық суларды бұру.

2012 жылдың 10 қыркүйегінен бастап ҚР табиғи манаполияларды басқару департаменті басшысының бұйрығымен, Целиноград ауданы жанындағы «Целиноград Су Арнасы» ШЖҚ МКК су тасымалдау қызметі бойынша Ақмола облысының табиғи манополиясына тасымалдаушы желілермен жаңа нысандарға соның ішінде Оразақ, Шалқар, Бирлік, Софиевка, Қызылжар, Р.Қошқарбай, Мәншүк, Отаутүскен ауылдарына су жіберу арқылы қосылды.

2012 жылдың 24 қазанында Новаишимка ауылы, 2014 жылдың 4 сәуірінде № 73-ОД бұйрығымен Максимовка ауылы, 2014 жылдың 3 шілдесінде № 123-ОД бұйрығымен Қабанбай Батыр ауылдары қосылды.